24 қаң, 2018 сағат 13:08

Ғалымдар латын әліпбиіне қатысты Назарбаевқа ашық хат жолдады

Қазақстан «Ғалымдар одағының» мүшелері латын графикасына көшу мәселесіне қатысты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жолдады.

Хаттың толық мәтіні "Жас Алаш" газетінің сайтында жарияланды. Онда ғалымдар латын әліпбиі мәселесі туралы айта келіп, іріктелген тіл мамандары жасаған апострофсыз жаңа латын әліпбиінің нұсқасын ұсынған.

Ашық хатқа жалпы саны 16 ғалым қол қойған. Олар: Сыздық Рабиға –ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, академик; Қайдар Әбдуали –филология ғылымының докторы, профессор, академик; Сабден Оразалы –ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан ғылымдар одағының президенті, академик; Қошанов Аманжол –ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,профессор, академик; Жарықбаев Құбығұл, - психология ғылымдарының докторы, академик; Ғаббасов Совет-Хан– ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, Сулейменова Элеонора,- филология ғылымының докторы, профессор; Уәли Нұргелді, - филология ғылымының докторы, профессор; Жанұзақ Әкім, – Халықаралық Адам институтының президенті, Еуропа жаратылыстану ғылымдары Академиясының мүшесі; Бөлекбаев Әбілқасым, - профессор; Алдаш Айман, филология ғылымының докторы, профессор; Базарбаева Зейнеп - филология ғылымының докторы, профессор; Күдеринова Құралай – филология ғылымының докторы, профессор; Рысалды Құсайн. – филология ғылымының докторы, профессор; Каленова Гулнар – тарих ғылымдарының докторы, профессор; Қапалбеков Бижомарт - филология ғылымының кандидаты. 

Толық мәтін төмендегідей: