13 мау, 2019 сағат 13:17

Ғали Есқалиев - Батыс Қазақстан облысының әкімі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ғ.Н. Есқалиевті Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. 

Ғали Есқалиев 1970 жылы туған, білімі жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономика», Халықаралық бизнес академиясын «менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген.

Әр жылдары «Тұран-Әлем банк» АҚ Орал қаласындағы филиалында маман, бөлім басшысы, «Темірбанк» АҚ филиалының директоры, БҚО Кәсіпкерлікті қолдау және даму департаментінің директоры, «Қазақстан даму банкі» АҚ атқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Астана қаласы әкімдігі қалалық Ортаны регенерациялау басқармасының басшысы, Жамбыл, Ақтөбе облыстары әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеген.

Айта кетейік, Ғали Есқалиевтің әкесі Нәжімеден Есқалиев 1986 жылдан 1993 жылға дейін Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысын басқарған болатын.