15 там, 2021 сағат 23:12

Гаитидегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 724-ке жетті


14 тамызда Гаитиде болған жер сілкінісінен мерт болғандар саны 724-ке жетті. Бұл туралы елдің азаматтық қорғау департаменті Twitter-де жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 724-ге жетті. Оңтүстік департаментінде - 500, Гранд-Ансе департаментінде - 100, Нипп департаментінде 122 және елдің солтүстік-батысында екі адам көз жұмды, - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, сенбі күні Гаити жағалауында қуаты 7,2 балл жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша 1800-ден астам адам зардап шеккен.

Республика билігінің мәліметінше, ең көп жарақаттанғандар - Оңтүстік, Гранд-Ансе және Нипп департаменттерінің тұрғындары.