15 там, 2021 сағат 03:22

Гаитидегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 227-ге жетті


Гаитиде 7,2 балдық қуатты жер сілкінісі салдарынан мерт болғандар саны 227-ге жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" CNN-ге сілтеме жасап.

Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар ғимараттардың қирандыларының арасынан тірі қалғандар мен құрбандарды іздеуді жалғастыруда.

Айта кетейік, 14 тамызда Гаитидің батысында магнитудасы 7,2-ге тең қуатты жер сілкінісі болды. Америкалық сейсмологтардың айтуынша, жерасты дүмпуі 10 км тереңдікте. Жер сілкінісінің ошағы елдің астанасы Порт-о-Пренс қаласынан 125 км қашықтықта орналасқан. Зілзала ауқымы мен қаза тапқандардың нақты саны әзірге белгісіз.

Гаитидегі бұл зілзала 2010 жылғы 250-300 мың адамның өмірін қиып кеткен жойқын жер сілкінісінен небәрі 75 шақырым қашықтықта болған.