Гаитидегі құтқару жұмыстары. 15 тамыз 2021 жыл.
Гаитиде өткен аптада жер сілкініп, қаза тапқандар саны 2 мыңға жуықтады. Сілкіністен соң тропикалық дауыл соғып, апат салдарымен күрес кейінге шегерілді де, жағдай одан әрі ушықты, деп жазады Азаттық радиосы.
17 тамыз күні ел билігі тағы 500-ден астам адамның мерт болғаны расталды деді. Осылайша табиғи апат құрбандарының саны 1941-ге жетіп отыр. Бұдан бөлек 9,9 мың адам жарақат алған.
Қос апат Гаити саяси дағдарысқа ұшыраған уақытта келді. 7 шілде күні ел президенті Жовенель Моизді қастандықпен өлтіріп кетті. Мұнымен қатар Кариб елі коронавирус індетінен де зардап шегіп жатыр.
Ел 2010 жылғы жер сілкіністен кейін әлі толық қалпына келе алмаған еді. 7 балдық сол апат 250 мыңнан астамның өмірін қиған.
