©REUTERS
Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Украинадағы әскери қылмысқа байланысты тергеу жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ХҚС сайтына сілтеме жасап.
Прокурор кеңсесінің басшысы Карим Ханның сөзінше, бүгінде оның Украинадағы оқиғаларға қатысты қылмыстарды толық көлемде тергеуді бастауға барлық ресми негізі бар және дәлелдемелер жинау жұмыстары басталды.
"Мен Хак Президиумына жағдайды дереу белсенді тергеуді бастау туралы шешімім жайында хабарладым. Біздің дәлелдемелер жинау бойынша жұмысымыз басталды", - делінген прокурордың мәлімдемесінде.
Карим Хан 28 ақпанда Украинадағы жағдайды алдын ала тергеуден туындайтын және ХҚС құзыретіне жататын кез келген қылмысты қамтитын оның әкімшілігінің алдыңғы тұжырымдары негізінде тергеуді бастауға санкция сұрау туралы шешім қабылдаған болатын.
"Сол мәлімдемемде егер Рим статутына қатысушы кез келген мемлекет басқармаға статуттың 14-бабында көрсетілгендей тиісті түсінік берсе, тергеулер едәуір тез өтетінін айттым", - деді Хан.
Прокурор осыдан кейін олар ХҚС-ке қатысушы мемлекеттерден Украинадағы жағдай туралы ұсыныстар алғанын айтты. Ол өз міндеттерін орындауға кірісіп, өзара толықтыру қағидатын сақтай отырып, объективті және тәуелсіз тергеу жүргізуді қамтамасыз етіп, жанжалдың барлық мүдделі тарабымен өзара іс-қимыл жасауға ұмтылатынын атап өтті.
Айта кетейік, Украина ХҚС құрамына кірмейді, бірақ бұған дейін ол 2013 жылдың 21 қарашасынан бастап елде жасалған ықтимал қылмыстарға қатысты соттың құзіретін мойындап, екі өтініш берген.
634 рет оқылды