Ресейде өткен футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионаты кезінде 25 миллионға жуық кибершабуылға тойтарыс берілді. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин чемпионаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Ведомствоаралық жедел штабтың Халықаралық ынтымақтастық орталығының өкілдерімен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кремльдің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Ресейдің арнайы қызметтері мен құқыққорғау органдары қызметкерлеріне, сондай-ақ әлемнің 30-дан астам елінің құқыққорғау органдары мен арнайы қызметтерінің өкілдеріне алғыс білдіргім келеді. Жалпы, бұл бірлескен жұмысқа 34 елдің 55 арнайы қызметі және құқыққорғау органының 126
Ресей басшысы атап өткендей, мундиаль нысандарының құрылысына және әзірлігіне, турнирді ұйымдастыруға жұмылдырылған, сондай-ақ еріктілер мен адамдардың өзге де санаттарынан 2 миллионнан астам тұлға тексерілді.
Әлем чемпионаты кезінде 25 миллионға жуық кибершабуылға және футболдан әлем чемпионатын өткізуге қатысы болған Ресейдің ақпараттық инфрақұрылымына жасалған өзге де қылмыстық әрекеттерге тойтарыс берілді», - деді ол.