Финляндияның Тайвалкоски қаласында фристайл-могулдан Еуропа кубогының кезеңі жалғасуда. Бірінші жарыс күнінде Қазақстан қоржынына алтын жүлде түсті деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандық Анастасия Городко 69.70 ұпай жинап, алтын жүлдегер атанды.
Екінші орында - франциялық Камилла Каброль, үшінші сатыда - ресейлік Анна Герасимова.
Бүгін параллельді могулдан жеңімпаздар анықталады.