13 қар, 2020 сағат 07:53

Француздардың 60 пайызы карантин талаптарын сақтамайды – сауалнама

Франция тұрғындарының үштен екі бөлігі локдаун талаптарын бұзған. Бұл туралы ВВС агенттігі хабарлады.

Карантинге байланысты жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, Францияның шамамен 60 пайыз тұрғыны екінші локдаун енгізілген соң карантин шараларын сақтамай жүргені анықталды. Респонденттердің шамамен төрттен бір бөлігі көшеге шығу үшін қажетті рұқсатнаманы толтырған кезде, үйден не үшін шығып отырғаны жайында жалған ақпарат бергенін мойындаған. 

Жалпы алғанда, француздар екінші локдаунды аса елемей отыр. Бірінші жалпыға ортақ карантин кезінде сауалнамаға қатысқан адамдардың 40 пайызға жуығы ереже бұзған. Үйден шығу үшін жалған ақпарат беруден басқа, олар үйлерінде туыстарын жинап, немесе достарымен кездесіп жүр. Сұралғандардың шамамен 9 пайызы сүйіктісімен кездесу үшін үйден шыққанын айтқан. Бірінші локдаун кезінде мұндай адамдар саны небәрі 6 пайызды құраған еді. 

Сауалнама барысында күздің соңына түскен екінші локдаун біріншісіне қарағанда адамдардың моральдік жағдайынан қатты әсер еткені де анықталған. Сұралғандардың шамамен 28 пайызы қайғы-уайым сезініп жүргенін жеткізген. Көктемгі карантин кезінде мұндай сезімде шамамен әрбір бесінші адам болған. 

Елдің премьер-министрі Жан Кастекс локдаун мерзімі қысқармай, керісінше бір айға ұзару ықтималдығы туралы айтты.