What‘sApp мессенджерінде балаларға арналған жұқпалы аурулар бөлімшелерінде төсек-орындар дайын екендігі туралы аудио хабарлама таратылуда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Автордың айтуынша, олар мектептерде вакцина шашқаннан кейін қажет болады, балалар жаппай ауырып, өле бастайды. Бұл - фейк.
Бұл ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.
– Балаларға арналған қосымша инфекциялық төсек-орындар дайындау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі таңда, керісінше, КВИ-мен жұқтыру жағдайларының төмендеуіне байланысты жұқпалы аурулар стационарлары жабылуда. Сондай-ақ, бөлмеде бүрку арқылы қолданылатын вакцина жоқ, – деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
"Бұл ата-аналар арасында дүрбелең туғызған дыбыстық хабарламалар бұған дейін де тараған болатын.
Біз Тараз және Шымкент қалаларында балаларды белгісіз бағытта эвакуациялап, ауызына тамызу арқылы егетіні туралы фейкті жоққа шығардық" - делінген хабарламада.
