01 жел, 2021 сағат 17:10

«EXPO 2020 Dubai» көрмесінде Қазақстанның Мемлекеттік туы көтерілді


ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барып, «EXPO 2020 Dubai» дүниежүзілік көрмесінде Қазақстанның ұлттық күні аясындағы іс-шараларға қатысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат primeminister.kz-ге сілтеме жасап.

ЭКСПО-ның Әл-Уасл Плаза орталық алаңында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен толеранттылық және қатар өмір сүру мәселелері жөніндегі министр, «EXPO 2020 Dubai» бас комиссары шейх Нахайан бин Мубарак әл Нахайанның қатысуымен Қазақстан Республикасының ұлттық туын көтеру рәсімі өтті.