Exit poll нәтижесі дауыс беру аяқталғаннан кейін ғана жария етілуі тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Орталық сайлау коиссиясына екі ұйымнан - "Қоғамдық пікір" институты мен "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығына дауыс беру күнінде экзит пул жүргізу бойынша хабарлама келіп түсті. Бұл ұйымдар заңнама талаптарына сай келеді. Естеріңізге сала кетсем, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабы 9-тармағына сәйкес кандидатты қолдап дауыс беруге қатысты қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижесін, болжамдары мен өзге де зерттеулер дауыс беру күнінде жариялауға рұқсат етілмейді. Яғни, нәтижелері дауыс беру аяқталғаннан кейін ғана жариялануы тиіс", - деді Константин Петров.