Еуропарламенттегі «ЕО-Қазақстан» достық тобының жетекшісі Рышард Чарнецкий Еуропа одағы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынасқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ең алдымен, біз Қазақстанда адамдар өліміне байланысты қайғырып көңіл айтамыз. Біз одан әрі шиеленісудің алдын алу, зорлық-зомбылыққа кез келген арандатушылықтарды болдырмау, ұстамдылық таныту және тәртіпсіздікті басқа мақсаттарда пайдалану әрекеттеріне тосқауыл қою маңызды екенін есте ұстауымыз керек.
Қазақстан – Еуропа одағының маңызды серіктесі, онымен кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім орнатылған. Өңірдегі тұрақтылық ЕО мен Қазақстан арасындағы болашақ экономикалық қатынастар үшін шешуші мәнге ие.
Еуропалық парламент мүшесі және ЕО-Қазақстан Достық тобының төрағасы ретінде мен тұрқтылыққа қайтып оралудың позитивті жолын табуда өз қолдауымды ұсынамын», - дейді ол.