Нидерланды елінде құстың жүздеген мың басы жойылғаннан кейін Дания мен Францияда құс тұмауының оқиғалары тіркелген, деп хабарлайды Merco Press.
Францияның Корсика аралында вирус анықталған соң, онда жүздеген тауық өлтірілді, ал даниялықтар елдің батысында вирус өршіген соң, оның таралуын тоқтату үшін 25 мыңнан астам құстың көзі жойылғанын мәлімдеді.
Франция ұлттық қорғаныс шаралары туралы бұйрық берді, соның ішінде үй құстарын жабайы құстардан міндетті түрде оқшаулап ұстау талабы бар, ал Дания тауық жұмыртқасын ЕО сыртына эспорттауды тоқтатты.
Адам үшін қауіпті емес, бірақ ауылшаруашылық саласын талқандаушы болатын құс тұмауы оқиғалары Бельгия, Нидерланды, Ирландияда, сондай-ақ басқа елдерде де тіркелген. Осы айда Нидерланды билігі вирус салдарынан 200 мыңнан астам құстың жойылғанын мәлімдеген болатын.
Францияның оңтүстік-батысындағы үйрек бағушылар соңғы жылдары құс тұмауынан екі рет зардап шеккен. Вирус жұқтырған құстарды жаппай жою салдарынан олар жүздеген миллион еуродан айрылды.
Дания шаруаларды құстарын тұмаудан қорғап қалуға шақырды.
Айта кетсек, таяуда Данияда кейбіреулерінің коронавирус инфекцияна шалдыққаны анықталған соң, миллиондаған қаракүзен жойылған.