Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасы неге барлығына тегін жасалмайды деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алексей Цой Қазақстанда елге әкелінетін барлық вакциналардың қауіпсіз әрі тиімді екенін қадағалайтын реттеуші бар екенін атап өтті.
"Мұнда жеке азаматтың құқығы бар. Бұл тұмауға қарсы вакцинаға да қатысты. Біз нарықта қол жетімді вакцинаны сатып аламыз да барлық азаматтарға тегін ұсынамыз. Кім оны бөлек қалайды", - деп жауап берді министр.
