Қашқын олигарх Мұхтар Әблязовтың мойнында қаншама жазықсыз жандардың қаны бар? Қарапайым салымшылардың ақшасын ұрлап, елден қашып жүрген алаяқ банкирдің өз қолымен жасаған ауыр қылмыстары бірінен кейін бірі ашылуда. Осы кезге дейін жұмбақ болып келген «Ержан Тәтішевтің өлімінің» құпиясы ашылды. Мұратхан Тоқмади Мұхтар Әблязовтың тапсырысы бойынша «БТА» банктің қожайыны Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындады.
Биыл жазда өткен сот отырысында Мұхтар Әблязовтың сыбайластары өз кінәсін мойындап, «ғасыр алаяғының» шырмауына түскеніне қатты өкінетіндерін жеткізді. Олай болса, әділетті соттан, туған жерінен қашып, бас сауғалып жүрген қандықол қылмыскерді Еуропа неге қорғаштайды? Керісінше, әділ заң мен ар-ождан салтанат құрған қоғам қашқын қылмыскерді құрықтап, жазықсыз өлтірілгендер мен сотталғандардың алдында ізгіліктің орнауына үлес қосуы керек емес пе?
«Шыны королінің ісі» Мұхтар Әблязовтың тағы бір бетпердесін ашып берді. Мұхтар Әблязов тағы қандай қылмыстық топтарға, атышулы алаяқтық оқиғаларға қатысы барын кім білсін! Жайшылықта адам құқықтарын қорғауға көшбасшы болып көрінетін Еуропаның шын бет-бейнесі қандай? Әлде, қалтасы «қалың» Мұхтар Әблязов шыншыл еуропалықтардың ұстанымын, көзқарасын да «сатып» ала ма? Қандықол қылмыскерді қорғаштағаннан не шығады?