#
#
Дүйсенбі 06/07/2020

Еуропа елдері туристік сапарларға біртіндеп рұқсат бере бастады

  • 04.06.2020
  • 0
  • 195

Еуропаның бірқатар елі туризмнің экономика үшін маңызын ескеріп, шектеу шараларын біртіндеп ала бастады. Коронавирус індетінен қатты зардап шеккен елдердің бірі Италия 3 маусымда Еуропаның өзге аймағынан келетін жолаушылардың елге кіруіне рұқсат берді. Италияға барған жолаушылардың карантинде болуы шарт емес. Бұған қоса, ел аумағында саяхаттауға да рұқсат берілді. Италия президенті Серджо Маттарелла коронавирус инфекциясын жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандар саны азайғанмен дағдарысты әлі "еңсерген жоқпыз" деп мәлімдеді. 

COVID-19 індетінен қатты зардап шеккен елдердің бірі Испания туристерді елге кіргізу мәселесін қарастырып жатыр. 

Италияда туризмнен түсетін табыс көлемі жалпы ішкі өнімнің - 13 пайызын, Испанияда 12 пайызын құрайды. 

Австрия да туристерге шектеу шараларын алып тастауды жоспарлап отыр. 5 маусымнан бастап Италиядан басқа көрші ел азаматтарының елге кіруіне рұқсат және олардың тест тапсыруы және карантинде болуы міндетті емес. Денсаулық сақтау министрлігі Италиямен шекараны маусым айының соңында ашуы мүмкін екенін хабарлады. 

Германияның сыртқы істер министрі Хейко Маас 15 маусымнан бастап Еуропаның 29 еліне саяхаттау қауіпті деген ескертудің күші жойылатынын хабарлады. Министр пандемия әлі аяқталған жоқ, туризмді дамыту індеттің екінші толқынын тудырмауы тиіс деді. 

Коронавирустан 39 мыңнан астам адам қайтыс болған Ұлыбританияда 8 маусымнан бастап өзге елдерден келетіндер міндетті түрде екі апта өзін оқшаулау режимін сақтауы тиіс. Борис Джонсон жетекшілік ететін британ министрлер кабинеті карантин шараларын біртіндеп азайтатынын, бірақ жағдай әлі тұрақты емес екенін ескертті. 

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 6,5 млн-ға жуықтаған. 385 мыңнан астам адам қайтыс болған. 2,7 млн адам жазылған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар