06 қаз, 2020 сағат 12:31

Еуроодақтың 10 елі коронавирус бойынша «қызыл аймаққа» енді

Еуропалық одақтың он елі коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «қызыл аймаққа» (қауіп деңгейі жоғары) енді, деп хабарлайды Ауруларды алдын алу және бақылау еуропалық орталығы.

Бұл деңгей аталған мемлекеттерде соңғы екі апта ішінде COVID-19 вирусын жұқтырудың расталған жағдайларының саны 120-дан 100 мыңға дейін жеткенін көрсетеді. Осыдан кейін Бельгияны қоса алғанда Еуроодақтың тоғыз елі «қызыл аймаққа» кірді. Ұлыбритания соңғы болып аталған тізімді толықтырды.

Қазіргі уақытта ЕО-да ауруға шалдығу қарқыны мынадай: Испанияда (100 000 тұрғынға шаққанда 319 жағдай), Чехияда (303), Францияда (245), Нидерландыда (231), Бельгияда (206), Люксембургте (161), Исландияда (158), Венгрияда (129), Данияда (128) және Ұлыбританияда (135).

Сонымен қатар, Румыния (116), Австрия (114), Словакия (106) және Ирландия (105) қауіп аймағында тұр.

Осыған байланысты Еуропа елдері коронавирусты болдырмау шараларын қабылдап жатыр. Мәселен, Франция осы аптаның басынан бастап бірқатар шараларды күшейтті.

Германия спорттық шаралар мен концерттер сияқты үлкен жиындарға тыйым салуды жылдың соңына дейін ұзартты.

Сонымен қатар, КВИ қаупі жоғары елдерден келгендер Covid-19 тестінен өтіп, 14 күндік карантинге жіберіледі.