Еуропалық комиссия интернет желісіндегі іздеу нарығында өз үстемдігін теріс пайдаланғаны үшін Google компаниясына 2,4 млрд. еуро (2,68 млрд $) көлемінде айыппұл салды.
Бұл жайлы сейсенбі күні Еурокомиссия сайтында жарияланған хабарламада айтылған, деп жазады ТАСС агенттігі.
Құжатта «Компания Google-дің басқа өнімдеріне заңсыз басымдылық бере отырып, іздеу жүйесі ретінде өзінің үстемдігін теріс пайдаланды», - делінген.