22 мау, 2023 сағат 10:58

«Есірткіні заңсыз сақтаған»: Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды

Фото: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Түркиядан Қазақстанға есірткі құралдарының заңсыз айналымына күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Бас прокуратураның Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Түркия Республикасының Әділет министрлігі есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдікті деп танылған әйелді беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды.

Істі тергеу барысында күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін елге экстрадициялады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған. Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол мүлкі тәркілене отырып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

видео: ҚР Бас прокуратурасы