01 қыр, 2022 сағат 13:52

Есірткіге қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуге тиіс - Тоқаев


Президент Тоқаев синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Қазіргі ахуал өте күрделі, соңғы үш жылда тәркіленген «синтетиканың» көлемі 10 есе артқан. Уақыт өткен сайын мұндай есірткі арзан әрі қолжетімді бола бастады. Нашақорлар оны әлеуметтік желі мен түрлі мессенджер арқылы емін-еркін сатып алып жатыр. Есірткіні, тіпті, үйге әкеп беретіндер бар. Бұл – аса қауіпті әрі ауқымды әлеуметтік кесел.

Синтетикалық есірткіні өндіруге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуге тиіс. Сондықтан нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресудің кешенді жоспарын әзірлеу қажет" - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.