15 қар, 2019 сағат 13:49

Ержан Максим өзінің сәтті санын айтты

24 қарашада Польшаның Гливице қаласында өтетін Junior Eurovisin музыкалық байқауында Ержан Максим Қазақстан атынан сынға түседі, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Осы орайда жас әнші халықаралық байқауға дайындығы туралы ойымен бөлісіп, баспасөз жиынын өткізді.

Ержанның байқаудағы нөмірі екі бөлімнен тұрады. Сахнада сиқыр көрсетіп, бишілермен бірге билейді. 

Әншінің қай нөмірде өнер көрсететінін әзірге беймәлім, десе де ол жеребеде алты саны түскенін қалайды. Оның өзіндік себебі бар болып шықты.

Көп конкурста алты саны түсетін. Алты түсетін жерде әрдайым бас жүлде алып жүремін. «Славян базарында», «Бақытты бала» конкурстарында алтыншы нөмірді алдым, - деді ол.

Сондай-ақ жас әнші Австралия мен Польша елдерінің өнерпаздарының өнерін тамашалағанын және басты қарсыластары солар солар болуы мүмкін екенін айтты.

Айта кетсек байқауға Қазақстан екінші жыл қатарынан қатысқалы отыр. Ержан Максимге дауыс бері 22 қараша күні түнгі сағат 00:00-де басталып, 24 қараша күні кешке өтетін гала концертке дейін жалғасады. Байқаудың ақтық сыны 24 қараша күні Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де "Хабар" арнасынан көрсетіледі.