15 жел, 2019 сағат 12:50

Ержан Максим Бакуде өнер көрсетті

Ержан Максим Бакуде «Қыс 2019» үшінші халықаралық балалар фестивалінің гала-концертінде All by myself композициясын орындап, көрермендерді тәнті етті, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Концерт алдында қызыл кілеммен жүріп өткен Ержан тілшілердің сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, ол Муслим Магомаевты өте жақсы көретінін және оның отанында өнер көрсеткеніне қуанышты екенін айтты.

Ержанға қолдау білдіруге Бакуде тұрып жатқан қазақстандықтар, Әзербайжандағы ҚР дипломатиялық өкілдігінің басшылығы мен қызметкерлері келді.

Еске сала кетсек, «Қыс 2019» халықаралық балалар фестивалі биыл үшінші мәрте өткізіліп отыр. Оған әзербайжандық балалардан басқа Ержан Максим (Қазақстан), Мария Магильная (Беларусь), Даниил Купч (Қазақстан), Варвара Кошевая (Украина), Клара Рот (Франция), Хиггинс-Хумес Рафаэл мен Кроу Шагуан (Ұлыбритания) қатысты.