05 сәу, 2019 сағат 18:39

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

Ерлан Қарин ҚР Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.

1976 жылы 26 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы (Түркістан облысы), Сайрам ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келген.

1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша оқыған.

1999 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану факультетін тәмамдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

1996-1998 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университетінде саясаттану кафедрасында мұғалім болған.

1998-2000 жылдары Қазақстанның даму институтының Саяси зерттеулер орталығында қызметкер, Ресей және Қытай институты директорының орынбасары.

2000-2003 жылдары Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры.

2004-2006 жылдар аралығында Антитеррорлық бағдарламалар орталығының жетекшісі, 2006 жылы Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қоғамдық және саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі болды.

2008 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Сол жылдың қараша айында «Нұр Отан» партиясының стратегиялық даму жөніндегі хатшысы қызметін атқарды.

2014 жылы 16 қазанда ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды.

2017 жылдың 9 ақпанынан бастап соңғы тағайындалуға шейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.