15 нау, 2024 сағат 18:32

Ерлан Қарин: «Ұлттық құрылтай қоғам мен мемлекет арасында тиімді диалог алаңына айналды»

Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Ұлттық құрылтай қоғам мен мемлекет арасында тиімді диалог алаңына айналды» деп есептейді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Telegram парақшасында жазды деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат". 

Ерлан Қарин Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы шеңберіндегі жұмыс секцияларының мәслихаттары туралы айтады:

«Секцияларда айтылған ұсыныстардың басым бөлігі қоғам бірлігін одан әрі нығайтуға, жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеуге, елдің ғылыми әлеуетін көтеруге бағытталған»,- дейді ол.
Мемлекеттік кеңесшінің сөзінше төрт секцияның жұмысында Ұлттық құрылтайдың 70-ке жуық мүшесі сөз сөйлеп, 100-ден аса ұсыныс пен бастама көтерілді. 
«Секцияларда айтылған ұсыныстардың басым бөлігі қоғам бірлігін одан әрі нығайтуға, жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеуге, елдің ғылыми әлеуетін көтеруге, мәдениет саласын қолдауға, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға, көші-қон мәселесін реттеуге және қоғамдағы өзге де өзекті мәселелерге қатысты жасалды. Ұлттық құрылтай мүшелерінің мұндай белсенді қызметі аталған азаматтық институттың қоғам мен мемлекет арасында тиімді диалог алаңына айналғанын көрсетеді»,- дейді Е.Қарин.