«Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Карин «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының тиімді тұсын айтты, деп xабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Ашығын айту керек, бұндай бастама ешбір елде болмаған. Әлемге танымал шығармалар тікелей қазақ тіліне аударылып отыр. Бұл бір жағынан Қазақстанның мүмкіндігін көрсетсе, екінші жағынан Тәуелсіздік жылдары қалыптасқан интеллектуалды әлеуетімізді көрсетеді. Себебі осынау жобаны іске асыру үшін кәсіби мамандар, жоғары дайындық қажет», - деді Е.Қарин.
Оның айтуынша, университет оқытушылары мен студенттері танымал оқулықтарды тегін оқи алады. Аталған шығармалар АҚШ пен Ұлыбританияның университеттерінде кітаптардың үздік ондығына кіреді.
«Мәселен, Карен Армстронгтың 1994 жылы жазылған «Құдайдың тариxы» атты кітабы әлемнің 30 тіліне аударылып, Кембридж, Гарвард, Оксфорд және тағы басқа жетекші жоғары оқу орындарында кеңінен қолданылып келеді. Ол - бір. Екіншіден, аталған оқулықтардың бағасы да арзан емес. Ұлыбританияда әрбір кітап 30 фунттан жоғары тұрады. Шетелде ондай оқулықтарды іздеп жүріп, сатып алады. Ал біздің студенттеріміз оның бәрін тегін оқи алады», - деп атап көрсетті Е.Қарин.
Айта кетейік, бүгін Нұрсұлтан Назарбаевқа «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған алғашқы кітаптар таныстырылды.