09 қыр, 2017 сағат 12:02

Ердоғанның әйелі мен ұлы Астанада қыдырып жүр

Түркияның бірінші ханымы Әмине Ердоған елордадағы сауда орталықтарының бірінде болды. СОСО өкілдері әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Түркия президентінің жұбайы мен ұлының суретін жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгін елордадағы MEGA Silk Way сауда-ойын сауық орталығына Түркияның бірінші ханымы Әмине Ердоған ұлы Неджмеддин Билалмен бірге келді», - деп жазған СОСО өкілдері инстаграмдағы парақшасында.

Естеріңізге салып өтсек, кеше жергілікті уақытпен сағат кешкі бестер шамасында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мінген «TUR» ұшағы халықаралық Назарбаев әуежайына келіп қонды.

Бұған дейін Түркия басшысы Астанаға сапары барысында Мяньмадағы жағдайды талқылайтынын мәлімдеген болатын. Ал оның елордаға сапарының басты мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер жүргізіп, Астанадағы Ғылым және технология жөніндегі ислам ынтымақтастығы ұйымы саммитіне қатысу.