Ердоған Украинаның егемендігін қолдап, Қырымды заңсыз басып алуды мойындамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Киевте Украин Президенті Петр Порошенкомен бірге екі ел басшысының келіссөздерінің қорытындысы бойынша өткізілген брифингте айтты, деп жазады "Ұлт ақпарат" baq.kz порталына сілтеме жасап.
«Мен Порошенкоға Түркияның Украина егемендігін, оның Қырымды қоса алғандағы тұтастығын және саяси бірлігін қолдайтынын тағы да айттым», - деді ол.
Сонымен қатар, Түркия басшысы украиндық әріптесімен кездесу барысында Қара теңіз аймағындағы қауіпсіздік мәселесі бойынша іс-қимылды үйлестіру жөнінде келісімге келгенін атап өтті.
«Біз екі елге қатысты халықаралық аймақтық мәселелерді талқыладық. Оның ішінде Қара теңіз аймағындағы қауіпсіздік мәселелері де бар. Біз Порошенко екеуіміз бұл мәселелерге қатысты үйлесімді іс-қимыл жасауға келістік», - деді ол.