27 нау, 2023 сағат 13:14

Ербол Тілешов Тіл саясаты комитетінің төрағасы болды

Фото: t.me/KZgovernment

Ербол Тілешов Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Ербол Ердембекұлы Тілешов Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ербол Тілешов 1965 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді педагогикалық университетін бітірген.

1992-2001 жылдары С.Сейфуллин атындағы Ақмола университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болып жұмыс істеген.

2001-2002 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті қызметін атқарған.

2002-2004 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия университеті Гуманитарлық институты директоры орынбасарының міндетін атқарушы, директорының орынбасары болды.

2004-2007 жылдары "Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы" РМҚК директорының орынбасары, директоры болып жұмыс істеген.

2007 жылдан 2012 жылға дейін жеке коммерциялық құрылымдарда еңбек еткен.

2012-2015 жылдары – Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы бастығының міндетін атқарушы, басшысы.

2015-2022 жылдары – "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы" РМҚК директорының міндетін атқарушы, директоры, атқарушы директоры.

2022 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" КеАҚ бас директоры қызметін атқарды.