Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 2020 жылы коронавирустың таралуы жағдайында ұстаздар мен дәрігерлердің ерен еңбегін атап өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Өткен жыл оңай болмады. Қоғамның сана-сезімінде былтыр үлкен өзгерістер болды десем артық емес деп ойлаймын. Ұстаздарымыздың орны ерекше екенін бүкіл ел қайтадан қарап, түсінді. Қиын кезеңдерде біздің ұстаздарымыздың нақты жасаған ерен еңбегін барша халық біледі», - деді Е. Тоғжанов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.
Сонымен қатар ол дәрігерлердің маңызды қызметіне ерекше тоқталып өтті. Қиын кезеңде көптеген азаматтардың тікелей атсалысқанының арқасында ауқымды істер атқарылды.
«Президент Қасым-Жосмарт Кемелұлының тікелей тапсырмалары арқасында, сондай-ақ қабылданған шешімдерге орай жалпы жағдайды бақылауда ұстауға толықтай мүмкін болды. Әсіресе, былтыр жаз айларында біраз қиындықты бірге өткердік. Атап айтқанда тұтас ел болып шешім қабылдаған қадамдарды жүзеге асырған жерде ғана нақты нәтиже болады. Құдайға шүкір, жағдай қалыпты әрі тұрақты қадағалау деңгейінде деп айтсам, артық емес. Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Дүниежүзінде жағдай қалай болып жатқанын білесіздер», - деді Ералы Тоғжанов.