Еуроодақ Қазақстанның «C5+1» форматына - Орталық Азияның бес мемлекеті мен АҚШ диалогына мүдделілігін қолдайды. Бұл жайлы ҚазАқпаратқа берген сұхбатында Еуроодақтың Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі Петер Буриан айтты.
«Еуропа одағы Қазақстанның Орталық Азияның бес мемлекеті мен АҚШ диалогына мүдделілігін қолдайды. Біз басқа әріптестермен де тығыз байланыстар орнатуға дайынбыз. Сонымен қатар өңірдегі кез келген геосаяси бәсекелестікті болдырмауды қалаймыз», - дейді дипломат.
«ЕО Қазақстанның БҰҰ ҚК тұрақты емес өкілі ретінде белсенді қимылдарына ризашылық білдіреді. ЕО сыртқы істер және саясат жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерико Могерини мен ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов арасындағы келіссөздер кезінде көптеген маңызды мәселелер талқыланды. Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікке, Ауғанстан мәселесін реттеуге көңіл бөліп отырғанын ерекше атап өтеміз», - дейді Петер Буриан.