Фото: ҚР ЭМ
Энергетика министрлігінде «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға Әдеп жөніндегі уәкіл Ләззат Қосаева қатысты, деп хабарлайды Ult.kz.
Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытынан тыс кезеңдегі мінез-құлқын реттейтін заңнамалық талаптар мен әдеп нормаларын талқылады.
Ләззат Қосаева өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің қоғамдағы үлгі боларлық бейнесін сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, антиқоғамдық әрекеттерге жол бермеу, моральдық қағидаларды ұстану, қарапайымдылық пен сыпайылық таныту қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қайшы келетін әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелері де қаралды.
Шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және этикалық мәдениетін арттыруға, мемлекеттік қызметтің беделін нығайтуға және Энергетика министрлігінің оң имиджін қалыптастыруға бағытталды.
