Фото: Pexels.com
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «депрессия» диагнозы қойылған азаматтарға да уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ашуға болатынын растады, деп хабарлайды Ult.kz EL.INFO-ға сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, мұндай шешімді психиатр-дәрігер қояды, алайда бастапқы белгілерді жалпы практика дәрігері немесе психолог та анықтай алады.
Министрлік түсіндіргендей, жеңіл дәрежедегі депрессия кезінде дәрігер адамның еңбек қабілеті уақытша шектелгенін анықтаса, оған больничный парағы беріледі.
Ал орта және ауыр деңгейдегі депрессия жағдайында емделу стационарда, яғни ауруханада жүргізіледі.
Психиатр Наби Есимовтың айтуынша, депрессия нақты диагноз ретінде тек үш негізгі белгі болғанда қойылады:
-
көңіл күйдің екі аптадан артық төмен болуы;
-
ойлау мен назар шоғырлануының әлсіреуі;
-
баяу қимыл-қозғалыс пен күнделікті іс-әрекеттерді орындаудағы қиындықтар.
Маманның сөзінше, дер кезінде дәрігерге жүгіну мен кәсіби көмек алу — жазылудың басты кепілі.
