ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын Арыс тұрғындарына көмек ретінде аударады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және ведомствоға бағынышты ұйымдар мен аумақтық департаменттердің қызметкерлері бір күндік жалақысын Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғындарына көмек үшін аударады. Министрлік барлық кәсіпорындар мен компанияларды, ірі жұмыс берушілер мен апатқа немқұрайлы қарамайтын қазақстандықтарды әскери бөлімдегі оқ-дәрілер жарылысынан зардап шеккен отандастарымызға көмектесуге шақырады», - деп жазды министрліктің баспасөз хатшысы Қанат Құлшыманов әлеуметтік желіде.
«Қиын жағдайда қалған Арыс тұрғындарына көмектесу - біздің азаматтық парызымыз. Біріксек, барлық қиындықты еңсеріп шығамыз», - деп жазды ол.