#
#
Сейсенбі 14/07/2020

Еңбек ережелерін бұзған 610 лауазымды тұлға жұмыстан босатылды

  • 20.01.2020
  • 0
  • 577

Былтыр жұмыс берушілерге еңбек қауіпсіздігі саласында 25,6 млн теңгеге 203 әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2019 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 9 536 тексеру жүргізіп, 2 366 бұзушылық анықталды. Жұмыс берушілерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтарды жою туралы 480 ұйғарым беріліп, 25,6 млн теңгеге 203 әкімшілік айыппұл салынды. Заңды және жеке тұлғалардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша 879 өтініші қаралды, өндірістегі жазатайым оқиғаларға 1 276 арнайы тексеру жүргізілді», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінде.

Мемлекеттік еңбек инспекторларының өтініші бойынша жұмыс берушілер қауіпсіздік пен еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін кінәлі 610 лауазымды адамды жұмыстан босатты. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнуіне байланысты 13 жабдық, 2 өндірістік нысанның және 7 ұйымның қызметіне тыйым салынды.

Атап айтқанда, 1 242 іс құқық қорғау органдарына берілді, олар бойынша 207 қылмыстық іс қозғалды.

«Мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер қабылдаған еңбекті қорғау саласындағы кешенді шаралар өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша оң динамиканы сақтауға мүмкіндік берді. Еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарының санын қысқарту үшін 2019 жылы 2 187 өндірістік нысан аттестатталды. Республика кәсіпорындарында 14 792 өндірістік кеңес құрылды және жұмыс істейді, олардың міндеттеріне өндірістік жарақаттанудың алдын алу, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайына тексеру жүргізуді ұйымдастыру кіреді», - деп аталып өткен ведомство хабарламасында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2019 жылдың қорытындысы бойынша республика кәсіпорындарында 1 257 жазатайым оқиға болды, соның салдарынан 1 430 адам зардап шекті.

Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 8,8 пайызғаға төмен.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар