20 қаң, 2022 сағат 11:06

Елжан Біртановтың ісі: Сот тыңдауы қашан өтетіні белгілі болды


Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдын ала тыңдау 26 қаңтарға белгіленген», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі.

Ресми мәлімет бойынша, тыңдау ашық режимде өтеді. 

Қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының өндірісіне келіп түскен. 

Істі қарайтын судья – Ибрагим Әлкенов.

Бұған дейін Елжан Біртановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа түскенін жазған болатынбыз.