Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бағым Көптілеуова астаналық педагогтер мен мектеп басшыларының құқықтық сауаттылыққа мән бермейтінін айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қалалық кеңеске түскен шағымдардың мониторинг қорытындысы көптеген педагогтар мен білім беру ұйымы басшыларының өздеріне заңмен кепілдік берілген әлеуметтік қорғау шараларын білмейтінін, құқықтық сауаттылыққа мән бермейтінін көрсетті. Осы орайда департамент қызметінің басым бағыты әдістемелік көмек көрсету болғандықтан, педагог құқығының заңмен қорғалуы мен әдеп нормаларының сақталуына қатысты қолданыстағы нормативтік құқықтар тізбесін онлайн, офлайн конференцияларда үнемі таныстырып отырамыз. Сәуір айында өткен ұлттық біліктілік тесті кезінде ереже талаптарды бұзып, тестілеу нәтижесі жойылған педагогтермен жеке кездесу өткіздік», - деді білім департамент басшысы онлайн брифигіде.
