08 қар, 2019 сағат 08:12

Елордада ЖШС директоры театрды жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырды деп күдіктелуде

«Астана-Көкше» ЖШС директоры аса ірі көлемде бюджет қаражатын иемденгені үшін күдіктелуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша «Астана-Көкше» ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады.

Ол «М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» МҚКК ғимаратын қалпына келтіруге бөлінген 32 млн теңге сомасындағы қаражатты иемдену жолымен жымқырғаны үшін күдікке ілінді», делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдікті кінәсінің деңгейі туралы соңғы шешімді сот шығарады.