27 жастағы «Chevrolet Nexia» автокөлігінің жүргізушісі Асан Қайғы көшесінің қиылысында кәмелетке толмаған 2012 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оқиға 18 мамыр күні сағат 21:57-де орын алған. Жүргізуші Тархан көшесінің бойымен Брусиловский көшесі жағынан келе жатқан, ал жаяу жүргінші белгіленген жерде жолдың солдан оңға қарай бұрылатын тұсынан жүгіріп өтпек болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілді» делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұл оқиғаны zhaloby.astana парақшасында куәгерлер де бөліскен еді.
Полиция департаменті Нұр-Сұлтан жүргізушілерінен қозғалыс кезінде барынша мұқият болуды, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.
