#
#
Жексенбі 09/08/2020

Елордада заңсыз сатылымнан 3,7 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тәркіленді

  • 07.07.2020
  • 0
  • 196

Елордалық полиция қызметкерлері заңсыз сатылымнан жалпы құны 3,7 млн теңге болатын медициналық препараттарды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада дәрілік препараттар мен медициналық заттардың заңсыз сатылымын анықтауға бағытталған жедел-алдын алу шарасы өткізілуде. Рейдтің алғашқы тәулігінде Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері медициналық маскалардың, комбинезондардың, термотрлердің, медициналық көзілдіріктер мен антиспетикалық заттардың ірі партиясын тәркіледі.

«Тәртіп сақшылары хабарландыру сайттары арқылы термометрлерді, ингавирин, парацетамол, цефтриаксон сынды бірқатар дәрілік заттарды сатқан интернет пайдаланушыларды анықтады. Тәркіленген дәрілік препараттардың жалпы құны 3 млн 700 мың теңгеден асып жығылады», - делінген таратылған ақпаратта.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар