Карантин кезінде елордада қылмыс көрсеткіші 34 пайызға, жол-көлік оқиғалары 76 пайызға азайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Полиция департаменті төтенше жағдай кезінде жұмысын жалғастыруда. Полиция мен әскерлер бірлесіп, тәулік бойы патрульдеуде, азаматтармен алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Планшеттерге жаяу жүргіншілер мен көліктердің үй-жұмыс қозғалыс бағдарлары енгізілуде»,- деді ол.
Осы ретте департамент басшысы сіздерге мемлекеттік комиссия сәуір айының соңына дейін карантин мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдағандығын еске салып өтті.
«Жалпы алғанда карантин кезінде қылмыс саны 34, ауыр, аса ауыр қылмыстар 43 және тиісінше 32 пайызға төмендеді. Оның ішінде ұрлық, алаяқтық, бұзақылық және басқа да қылмыстар саны азайды. Жол көлік оқиғасының саны 76 пайызға, зардап шеккендер 72 пайызға төмендеді. Жол қозғалысы ережесін бұзғандар 67 пайызға кеміді», - деді Ержан Сәденов.