29 сәу, 2021 сағат 15:47

Елордада «Газель» жүргізушісі тоннел қабырғасын қопарып кетті


Қонаев көшесімен Тұран даңғылына қарай бет алған «ГАЗ-3302-288» көлігі тоннелге сыймай, қабырасын қопарып кеткен, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға кеше сағат 20.15-те болған. Жүргізуші жол жиегіндегі белгіні елеместен, тоннелден өтпек болған. Салдарынан тоннел қабырғасын қаптаған плиталар қопарылып кеткен. 

«Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралады», - деп жазылған департаменттің мәліметінде.