08 мау, 2021 сағат 13:54

Ерекше операция: Полицейлер үйрек балапандарын құтқарды (Видео)


Елорданың полиция қызметкерлері жол бойына балапандармен шығып кеткен үйректі құтқару операциясын өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, кеше кешкі сағат 20.40-та «102» нөміріне қоңырау шалған әйел Байтұрсынов көшесі бойында балапандарын ерткен үйрек жүргенін және құқық қорғаушылардан оларды қауіпсіз жерге шығаруға жәрдемдесуін өтінген. 


«Елорда тұрғыны Татьяна Зигельдің айтуынша, кенет аялдама жанына балапандарын ерткен үйрек келген. Ол өз бетінше құстарды құтқаруға тырысқанымен еш нәтиже шығара алмаған. Осыдан кейін әйел полицияға жүгінген. Бірнеше минуттың ішінде Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері оқиға орнына жетті. Олар балапандарды ұстап картон қорапқа салды және Есіл өзеніне босатып жіберді», - деді ведомстводан.

Айта кетерлігі, құстарды құтқару операциясына елорда тұрғындары да көмектескен.