20 мам, 2021 сағат 16:13

Елордада биік үйден құлаған құрылысшыға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр


Елордада салынып жатқан тұрғын үйден құлаған құрылысшыға дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмекті көрсетуде.

Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

«20 мамырда №2 көпсалалы қалалық ауруханаға жедел жәрдем қызметімен 1984 жылы туған науқас жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, ол 10-шы қабаттан құлаған. Ауруханаға түскен кезде науқас ес-түссіз күйде болды. Реанимациялық шаралар дереу басталды. Алдын ала диагноз: бастың жабық жарақаты. Науқаста сонымен бірге дененің түрлі жарақаттары бар. Науқас барша медициналық қызметкерлердің бақылауында. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі», - деп атап өтеді ведмостводан.