Елордада 10 маусымынан бастап www.Indigo24.kz сайтында қаланың мектепке дейінгі ұйымдарына жоспарлы жинақтауды бастау жоспарлануда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
www.Indigo24.kz электрондық жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдарда (жеке балабақшалар мен шағын орталықтар) 24 297 бос орын бар, оның ішінде:
Биыл 1 маусымнан бастап барлық мемлекеттік балабақшалар базасында сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін ата-аналарға арнап онлайн-кеңестер ұйымдастырылды. Қажет болған жағдайда ата-аналар санитарлық-дезинфекциялық шараларды қатаң түрде сақтай отырып, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың жанындағы консультативтік пункттерге жүгіне алады.
Жинақтауды өткізу кестесі және жолдама алу алгоритмі қала әкімдігінің ресми сайтында www.astana.gov.kz, сондай-ақ www.Indigo24.kz сайтында орналастырылады.
Туындаған сұрақтар бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады: 55-68-51, 55-68-64, 55-72-49, 55-68-74.
