Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасап, элитада жанжал немесе қарама-қайшылық жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Менің атыма түсіп жатқан көптеген хаттар мен БАҚ-та жарияланған хабарламаларға байланысты жауап бере отырып, мынаны мәлімдеймін: Мен 2019 жылы Президент өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырдым. Содан бері зейнеткермін. Қазіргі таңда Қазақстан астанасында құрметті демалысымдамын және ешқайда кеткен жоқпын.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев толық билікке ие. Ол Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы. Жақын арада Президент «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланады. Сондықтан элитаның ішінде ешқандай жанжал немесе қарама-қайшылық жоқ. Бұл төңіректегі қауесеттер мүлдем негізсіз", - деді Назарбаев.