Бүгін Тоқаев Жетісу өңірін аралап жүр.
Сапардың ә дегендегі бағытының өзі руханият ордасына айналған Жетісуда ізі қалған жампоз – Шоқанның басына барудан басталды.
Жалпы ішкі саясатта руханиятқа көңіл бөлу мәселесі тұрақты әрі бірізділікпен жүргізіліп келе жатқанын көзіқарақты жандар бағамдаса керек.
Кешегі Республика күнінде марапат алған, мемлекеттік сыйлық алған жандарды, бұған дейінгі Президент тапсырмасымен атқарылып жатқан істерді саралай келе еліміздің ұлттық руханиятына жылымық келгенін байқауға болады.
Ақорда таратқан ақпаратта Тоқаев сапар аясында өңірдегі бірқатар мәдени, туристік, өндірістік нысанды аралап көретіні айтылған.
Олай болса, жазиралы Жетісудың руханиятқа ғана емес, туризмге де салып отырған олжасы сөз болары анық.
Біздің Президент тапсырма бермесе қозғалмайтын шенділері мен Президент ат басын бұрмаса кетігі бүтінделмейтін өңірлер өз бетінше іс істеп, Мемлекет басшысының тапсырмасын тиянақты атқаруы – өз абыройы, халық алдындағы беделі екені айтпаса да түсінікті жағдай ғой...
Ержан Жаубайдың Facebook-тағы жазбасы