07 там, 2017 сағат 09:34

Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ жауады, дауыл тұруы да мүмкін.

Солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Қазақстанның қалған бөліктерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ақмола, Павлодар, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде найзағай болады, бұршақ, дауыл соғуы мүмкін.

Қостанай облысында жел 30 м/с дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 17-22, екпіні 30 м/с, күндіз кей жерлерде найзағай соғады, бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерінде найзағай жарқылдайды, бұршақ ұрып, дауыл болуы мүмкін, жел 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Кызылорда облысының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Күн қатты ысиды.

Күндіз Атырау облысында өте қатты ыстық, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында да күн ысиды.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.