13 тамыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша елімізде тағы 476 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оның ішінде 184 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.
Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 66 / 8
Алматы қаласы - 40 / 9
Шымкент қаласы - 3 / 3
Ақмола облысы - 21 / 11
Ақтөбе облысы - 9 / 5
Алматы облысы - 18 / 10
Атырау облысы - 15 / 11
Шығыс Қазақстан облысы - 97 / 30
Жамбыл облысы - 16 / 10
Батыс Қазақстан облысы - 32 / 19
Қарағанды облысы - 44 / 18
Қостанай облысы - 27 / 6
Қызылорда облысы - 8 / 5
Маңғыстау облысы - 13 / 13
Павлодар облысы - 11 / 1
Солтүстік Қазақстан облысы - 30 / 6
Түркістан облысы - 26 / 19
Жалпы ел бойынша дертке шалдыққандар саны - 101 848.