28 жел, 2021 сағат 10:26

Елімізде КВИ-ден емделгендер ауырғандардан 30 пайызға артты


Елімізде КВИ-ден емделгендер ауырғандарға қарағанда 30 пайызға артты. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес бүгінгі күні 15 өңір және Қазақстан Республикасы «жасыл» аймақта орналасқан. Қалған 2 өңір – Солтүстік Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан қаласы сары аймақта. Қызыл аймақта өңір жоқ. Репродуктивті сан 0,96-ті құрайды», - деді министр міндетін атқарушы. 

Оның айтуынша, емделіп шыққан адамдар санының науқастардан басым болуы тұрақты эпидемиологиялық жағдайды көрсетеді. 

«Қыркүйек айынан бастап емделіп шыққан адамдардың саны науқастардан 30 пайызға артқан», - деді ол.